Жаңалықтар тізбегі
0

Қырғызстанмен арадағы шекарада орын алған жүк көліктері кептелісі: ҰҚК есеп берді

Көліктерді өткізу бекеті, Қазақстан, Қырғызстан, ҰҚК, шекара, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2023 18:37 Сурет: pixabay
2023 жылы 28 тамызда Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Қырғызстанмен арадағы шекарадағы жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомстводағылар шекара қызметі 2023 жылы тамызда шекара кеңістігінде, оның ішінде шекара арқылы өткізу бекеттерінде заңсыз қызметке қарсы іс-қимыл бойынша белсенді шаралар кешені жүргізілгенін нақтылады.

Көлік құралдары техникалық тексеру құралдары мен қызметтік иттердің көмегімен тексерілгені де атап көрсетіледі.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша шекара қызметі мынандай заңсыздықтардың алдын алды:

  • Есірткі заттарн өткізуге тырысудың 35 фактісін, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тасымалының 35 фактісі;
  • жалған құжаттарды пайдаланудың 20 фактісі, қос азаматтық бойынша - 36;
  • шамамен 2 млрд теңгенің контрабанда жайттары - 299, жалған құжаттар бойынша автокөліктерді әкелу және елден әкету - 27.


"Сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзушылардың 909-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2023 жылғы 28 тамыздағы жағдай бойынша өткізу бекеттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр". ҚР ҰҚК баспасөз қызметі


Қазақ-қырғыз шекарасы учаскесіндегі "Қарасу" (Қазақстан) - "Ақ тілек" (Қырғызстан) өткізу бекеттерінде өткен тәулікте Қазақстан аумағына 350-ден астам көлік жіберілді. Кезек 80-100 автокөлікке дейін созылғаны байқалады, бұл тәуліктік мән көрсеткіштеріне және осы маусымға сай келеді.

Қазақ-қырғыз шекара учаскесіндегі басқа автомобиль өткізу бекеттерінде автокөлік құралдарының кептелісі байқалмайды.

Сонымен қатар, Өзбекстанмен арадағы шекарада қайтадан құрылымдаудан өтіп жатуына байланысты қазақстандық "Жібек жолы", "Жетісай", " Б. Қонысбаева атындағы" және "Қазығұрт" сынды көлік өткізу бекеттері алдында көліктердің жиналу фактісі бар.

Ресеймен арадағы шекарада  "Сырым", "Жайсан" және "Қайрақ" өткізу бекеттерінің алдына көлік құралдарының ауық-ауық жиналу жағдайы кездеседі, бұл - жылдың ағымдағы кезеңіне тән құбылыс.

Шекара арқылы өткізу бекеттерінде қандай да бір қосымша шектеу шаралары енгізілмегені де нақтыланады. 

2023 жылы 24 тамызда Еуразиялық экономикалық комиссияның мониторинг тобы қырғыз-қазақ шекарасында болып, қырғыз халықаралық тасымалдаушыларының көліктерді өткізу бекетінің жұмысымен танысты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: