Жаңалықтар тізбегі
0

Нұрымбетов Қазақстандағы көші-қон процестері қалай реттелетінін айтты

Еңбек министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2020 17:15 Еңбек министрлігі
1991 жылдан бері 1 миллион 57 мың этникалық қазақ тарихи отанына оралып, оралман мәртебесін алған.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2019 жылғы жұмыс қорытындысы және 2020 жылға арналған негізгі міндеттер бойынша алқа отырысында ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов көші-қон процестерін реттеу және ішкі еңбек нарығын қорғау мәселелеріндегі жаңа әдістерді жария етті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр 1991 жылдан бері 1 миллион 57 мың этникалық қазақ тарихи отанына оралып, оралман мәртебесін алғанын айтты. 2019 жылы республикаға 9 993 отбасы (17,7 мың этникалық қазақ) келді, 597 оралман отбасы (2 мың адам) қабылдау өңірлерінде қоныс аударды (ШҚО, СҚО, Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстары).

Азаматтық алу үшін құжаттарды тапсырып үлгермеген 8,2 мың этникалық қазақ өткен жылғы оралман мәртебесін ұзарту бойынша біржолғы акция шеңберінде Қазақстан азаматтығын алды.

"2019 жылы шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға бөлінген квота шеңберінде жергілікті атқарушы органдар 25,5 мың рұқсат берді (2019 жылға квота 48,7 мың бірлікті құрады), оның ішінде компания басшылары, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелер менеджерлері мен білікті мамандарға рұқсаттардың 80%-ы берілді. Жұмыс берушілер 8,2 млрд теңге салық алымын төледі. Сонымен қатар, компаниялар кадрлардағы қазақстандықтарды қамтуды қамтамасыз ету талаптарын сақтауда, оның үлесі 96%-ды құрайды", – деді Біржан Нұрымбетов.

2020 жылға шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы 2019 жылмен салыстырғанда 40%-ға қысқарып, 29,3 мың бірлікті құрады.

Қолданыстағы көші-қон жүйесін жетілдіру, елге келген этникалық қазақтар мен мигранттар үшін қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында көші-қон процестерін реттеу туралы заң жобасы әзірленді, ол Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде қаралып жатыр.

"Заң жобасы аясында оралмандарға тұруға және Қазақстан азаматтығын алуға бір өтініш беру құқығын қарастыру ұсынылады. Оралмандарға "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін оңтайландыру көзделіп отыр. Сондай-ақ, шетелдік білікті қызметкерлерді қазақстандық кадрлармен ауыстыру жөніндегі міндеттемелерді жұмыс берушілерге жүктеу ұсынылады. Рұқсат тек ішкі еңбек нарығында мамандар болмаған жағдайда ғана берілуі тиіс", – деді Біржан Нұрымбетов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: