Жаңалықтар тізбегі
0

Парақорлық туралы хабарлап, қалай сыйақы алуға болады?

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2019 18:46 zakon.kz
Биылғы жылдың сегіз айында Алматыда алты адамға жалпы сомасы 1 миллион 60 мың теңге көлемінде сыйақы берілді

Алматы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жеке адамдардың нұсқауы бойынша ашылған жемқорлық фактілер туралы деректерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

- "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңға сәйкес, жемқорлық фактісі туралы ақпарат жеткізген азаматқа біржолғы ақшалай сыйақы төленеді. Биылғы жылдың сегіз айында Алматыда алты адамға жалпы сомасы 1 миллион 60 мың теңге көлемінде сыйақы берілді, - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласындағы департамент басшысының орынбасары Таумұрат Данияр.

Жеке адамдардан жемқорлық фактісі бойынша 59 шағым келіп түскен, бірақ оның алтауы ғана ақшалай сыйлыққа ие болды. Өйткені шағымданған адамның барлығына бірдей сыйлық берілмейді, тек анықталған фактінің заңсыздығы сотта дәлелденгенде ғана сол адам мараптталады.

Жемқорлық фактісі бойынша 1424 нөміріне қоңырау шалып, шағым түсіруге болады.

Одан бөлек, жыл соңына дейін "Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасын" іске қосу жоспарланып отыр. Ол арадан жекелеген азаматтар бюджеттен бөлінген ақшаны, қай нысанға қанша бөлінгені, жасалған жұмыстың кезеңі туралы ашық ақпараттар алады.

Мысалы, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынған жол сапасыз болса, су құбыры жұмыс істемей тұрса, онда әр азамат өз шағымын жолдап, ол бойынша мәлімет осы картаның көмегімен тексеріліп-қаралатын болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: