ШҚО прокуратурасы жалған еңбек келісімшарттарын жасау фактілерін анықтады
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы еңбек заңнамасын сақтау саласында, сондай-ақ, соттардың жалақы бойынша берешектерін өндіру туралы актілерін шығару кезінде заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шара нәтижесінде өндіруші мен борышкер арасында жалған еңбек келісімшарттары жасалғаны анықталды.
Атап айтқанда, Өскемен қаласының бір кәсіпорнының басшысы жалақы бойынша берешектерінің болмауын пайдаланып, есептер бойынша төлемдерден жалтармақшы болған.
Жалған келісімшарттар көбінесе жалдамалы жұмысшылармен, туыс-таныстармен жасалған. Қажетті уақытта қызметшілер сотқа жалақы бойынша берешекті өндіру туралы жалған талаптарды беріп отырған. Осымен қатар, аталған талапкерлер мүлде басқа ұйымдарда жұмыс істеген, оларда салық бойынша жеке табыстар мен әлеуметтік салық есептіліктері болмаған.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жалақы бойынша берешек бірінші кезекте өндіріледі, осындай тетік кәсірорын-борышкерге өзінің активтерін сақтап, тиісті төлемдерден жалтаруға мүмкіндік берген.
Жүргізілген талдау нәтижесінде прокурорлар осы схеманы әшкерелеп, сот тәртібінде 6,4 млн.теңге соманы өндіру туралы сот актілерін бұзды.
Азаматтардың жалақысын уақтылы төлеу мәселелері облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында екенін атап өту қажет.
Жылдың басынан бері, қабылданған шаралар нәтижесінде жалпы сомасы 25 млн теңге болатын берешек өндірілді.
Кезекті жедел кеңес отырысында облыс прокуратурасы мемлекеттік кірістер Департаменті мен еңбек инспекциясының басшыларына осы бағытта жұмысты ширату туралы нұсқады.