Жаңалықтар тізбегі
0

«Өрлеу» жобасына қатысқан мақтаралдықтардың табысы 3 есеге артқан

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2017 16:13 ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Осы жылы бағдарлама арқылы мақтаралдықтар жалпы сомасы 1,4 миллиард теңге көлемінде қаржылай көмек алған.

Мақтарал ауданында «Өрлеу» жобасының арқасында кәсібін ашып, әлеуметтік жағдайын түзеп жатқан отбасылар көп. Биылдың өзінде 3046 отбасындағы 18909 адам дәл осы жобаның жемісін көріп отыр. Бұл туралы Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Өрлеу» жобасының арқасында қаржы алып, сауда дүкенін ашқан Игамкулова Гулсинай бүгінде отбасын асырап, бала-шағасын бағып отыр. Жобаның арқасында 472 мың теңге алған ол Елбасымыздың саясатына дән риза. Сол сияқты Кузайдаров Асылбек 567 мың теңге көлеміндегі қаржылай көмекті мақсатты түрде жұмсап, ағаш өңдеп, жиһаз жасау цехын ашқан.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Өрлеу» жобасына қатысқандардың 14,9 пайызы, қаржылай көмек алғандардың 22,5 пайызы мақтаралдықтар екен. Аудан бойынша жобадан қаржылай көмек алғандардың 70 пайызы мал шаруашылығымен айналысса, қалғандары құс шаруашылығы, сауда-саттық, өндіріс т.б. кәсіппен айналысуда. Соның арқасында жобаға қатысушылардың табысы 3,4 есеге өскен.

Айта кетейік, осы жылы бағдарлама арқылы мақтаралдықтар жалпы сомасы 1,4 миллиард теңге көлемінде қаржылай көмек алған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: