Жаңалықтар тізбегі
0

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасының мерзімі созылды

ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2021 15:44 ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі
Бағдарлама жобаларын қаржыландырудың жалпы сомасы 1 трлн теңге.

Мемлекет басшысының "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты халыққа Жолдауында берген тапсырмасы бойынша Қазақстанда "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнесті қолдау 2022 жылға дейін ұзартылды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҰЭМ баспсөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасының жобаларын қаржыландырудың жалпы сомасы 1 трлн теңге. Бұл ретте агроөнеркәсіптік кешендегі (бұдан әрі - АӨК) өңдеуге 300 млрд теңге, АӨК-тегі өндіруге 300 млрд теңге, өңдеу өнеркәсібі мен көрсетілетін қызметтерге 400 млрд теңге көзделеді.

Айта кету керек, қаржыландыруды ҚР Ұлттық Банкі өз қаражаты және басқаруындағы қаражат есебінен ұсынады. Бағдарламаның операторлары –екінші деңгейдегі банктер және "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ.

Бұдан басқа, "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы (бұдан әрі - БЖК-2025) өз жұмысын жалғастырады.

Еске салсақ, "Қарапайым заттар экономикасы" 2019 жылдан бастап жүзеге асырылуда және ол кредит бойынша проценттік мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялауды және кредиттерге кепілдік беруді қарастырады. Соңғы қарыз алушы үшін мөлшерлеме 6%-ке дейін төмендетілді. Кредиттеу мерзімі 10 жылдан аспайды. Кредит сомасына шектеу жоқ.

"БЖК-2025" бағдарламасымен 2020 жылдан бастап салалық шектеусіз жылдық 6% мөлшерлемемен, 5 жыл мерзімге, кредит сомасы 7 млрд теңгеге дейін жеңілдетілген кредит беріледі. "БЖК-2025"-ті қолдаудың негізгі қаржы құралдарына проценттік мөлшерлемені субсидиялау және кәсіпкерлердің кредиттеріне кепілдік беру, мемлекеттік гранттар беру, сондай-ақ бизнес жобаларына жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жеткізу кіреді. Кәсіпкерлерді қаржысыз қолдаумен бизнесті жүргізуді оқыту және болашақ және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеу бойынша жобалар кешені көзделген.

"БЖК-2025" және "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламаларын іске асырудың барлық кезеңінде шағын және орта кәсіпорын субъектілері 106 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құрған. 36 трлн теңге сомасына өнімдер мен қызметтер шығарылып, жалпы сомасы 2,3 трлн теңгеге бюджетке салық төленді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: