Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысы "қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша елімізде көш бастап тұр

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2019 01:19 Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі
Басқосуда кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қаржыландыру деңгейіне дейін сүйемелдеу жұмысын күшейту мақсатында аудан және қала әкімінің орынбасары жетекшілігімен әрбір аудан және қала аумағында құзырлы жергілікті атқарушы орган, "TURKISTAN" Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы" КММ, қаржы институтары өкілдерінің қатысуымен Мобильді топ құру тапсырылды.

Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысы Н.Байғұттың төрағалығымен аудан және қала әкімдіктері, қаржы институттары, "TURKISTAN" Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы" КММ өкілдерімен кәсіпкерлік мәселелері жөнінде мәжіліс өтті. Бұл туралы Zakon.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды..

Жиында "Қарапайым заттар экономикасы" салаларын дамыту бағдарламасының іске асырылуы; Өңірлік даму бағдарламаларын әзірлеу үшін үй шаруашылықтарының, кәсіпкерлердің қажеттіліктерін талдау мақсатында маркетингтік зерттеу (скрининг) жүргізілу барысы; сондай-ақ Түркістан облысындағы кәсіпкерлікті дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұрлан Мархабатұлы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен қабылданған "қарапайым заттар экономикасы" салаларын дамыту бағдарламасы шеңберінде жеңілдетілген несиелеудің өңір кәсіпкерлері үшін қолжетімділігін арттыру қажет екендігін айтты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2019 01:19

Сонымен қатар, басқосуда кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қаржыландыру деңгейіне дейін сүйемелдеу жұмысын күшейту мақсатында аудан және қала әкімінің орынбасары жетекшілігімен әрбір аудан және қала аумағында құзырлы жергілікті атқарушы орган, "TURKISTAN" Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы" КММ, қаржы институтары өкілдерінің қатысуымен Мобильді топ құру тапсырылды. Сондай-ақ, басқарма басшысы Түркістан облысы Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша басқа өңірлер арасында көшбасшы екендігін мәлімдеп, қарқынды одан әрі жоғарылатуды аудан және қала әкімдіктерінің назарына жеткізді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2019 01:19

Екінші кезекте, аудан және қала әкімдіктері мен үй шаруашылықтарының, кәсіпкерлердің қажеттіліктерін талдау мақсатында маркетингтік зерттеу (скрининг) жүргізу есебі баяндалды. ҚР Үкіметімен бекітілген мерзімде маркетингтік зерттеу (скрининг) жүргізу жұмысын сапалы орындау туралы Басқарма басшысымен аудан және қала әкімдіктеріне нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, барлық аудан және қала әкімдіктеріне күн тәртібіндегі үшінші мәселе Түркістан облысындағы кәсіпкерлікті дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу туралы бірқатар жүктемелер тапсырылды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2019 01:19

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: