Генерал-майор Нұржан Мұқанов дүниеден озды

17 Ақпан 2020, 16:06
Сурет: instagram.com

16 ақпанда ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Бас штабының бастығы - бас қолбасшысының бірінші орынбасары генерал-майор Нұржан Нұрланұлы Мұқанов өмірден озды, деп хабарлайды zakon.kz.

"ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен ҚР ҚК жеке құрамы генерал-майордың туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтады. Өмірінің көп бөлігін әскери қызметке арнаған ол, өзін дарынды басшы және өз ісінің кәсіби маманы ретінде көрсете білді. Табандылығы, кішіпейілдігі мен әділдігінің арқасында әріптестерінің арасында құрметке ие болды. Нұржан Мұқановтың еңбегі Қазақстан әскерінің тарихында мәңгі өшпейді" делінген әскери вдеомтсва баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Нұржан Мұқанов 1968 жылы 15 ақпанда Целиноград қаласында дүниеге келген.

1990 жылы Днепропетровск жоғары зениттік-ракеталық командалық Әуе қорғанысы училищесін бітірген. 2000 жылы Жуков атындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери академиясын бітірді. 2010 жылы Ресей Федерациясы Қарулы күштері бас штабының әскери академиясын тәмамдаған.

2011 жылғы 16 ақпанда Мемлекет басшысының өкімімен Қарулы күштер Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды. 2014 жылы оған генерал-майор атағы берілді. 2016 жылғы 23 желтоқсанда басқа лауазымға ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

2016 жылғы 30 желтоқсанда Қорғаныс министрінің бұйрығымен Бас штаб бастығы – ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары болып тағайындалған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?