Журналист Әділ Дүйсенбек дүниеден озды

Қазақстанның қоғам қайраткері, белгілі жазушы, журналист Әділ Дүйсенбек дүниеден озды.
Бұл туралы facebook-те Мұрат Әбенов жазды.
- Әділ ағамыздың өмір жолы қазақ баспасөзінің қара шаңырағы – "Егемен Қазақстан" газетімен ұштасып жатыр. "Социалистік Қазақстанда" басталған еңбек жолы "Егемен Қазақстанға" ұштасты.
Қазақ әдебиетінің қоржыны ағамыздың қаламынан туған "Шерағамның шеруі", "Ақ күмбез", "Көкжиек", "Жүрек жылуы", "Қара шаңырақ", "Тергеу әлі біткен жоқ" атты шығармалар.
Ағамыздың отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.
Жеңгеміз, бала немерелері , досымыз, әріптесіміз Әділ ағамыздың кенже қызы Жазира Дуйсенбекова сабырлы болыңыздар дегіміз келеді.
Ағайындардың хабарлауы бойынша бүгін астанада сағат 19 : 00 Риксос қонақ үйінде қонақ асы беріледі.
Ертен сағат 10:00 Нурсая - 2 түрғын үй кешеңі ауласында намазы болады, ал 13:00 Тұран мейрамханасында асы беріледі, - деп хабарлайды ол .