Жаңалықтар тізбегі
0

Н.Нығматулин тікұшақ апатынан қайтыс болған қызметшілердің туыс-жақындарына көңіл айтты

Мәжілістің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2019 21:34 Мәжілістің баспасөз қызметі
Қайғылы жағдайға байланысты барлық депутаттардың атынан қайтыс болған жауынгерлердің отбасыларына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз - Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Палата депуттарының атынан Қызылорда облысында орын алған оқиғаға байланысты қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Қызылорда облысында қайғылы оқиға орын алды. Жауынгерлік міндетін атқару барысында 13 әскери қызметші көз жұмды. Осы қайғылы жағдайға байланысты барлық депутаттардың атынан тікұшақ апатынан қайтыс болған жауынгерлердің отбасыларына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз, - деді Палата Спикері.

Бюро отырысында Мәжілістің алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы қаралды.

Палатаға бірінші оқылымда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне қатысты заң жобасын қарау ұсынылады.

Заң жобасы кондоминиум объектілерін басқару және күтіп-ұстау бойынша қызметті, оны ресімдеу тәртібін, ортақ мүлікті күрделі жөндеу үшін ақша қаражатын жинауға, осы процестерге меншік иелерінің өздерінің қатысуын, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй инспекциясын тартуға бағытталған.

Сонымен қатар, депутаттардың талқылауына «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы ұсынылады.

Келісім ҚХР-мен анағұрлым тығыз сауда-экономикалық әріптестікке біртіндеп жылжу үшін негіз болуға тиіс. Келісім ақпарат алмасуды дамыту, кедергілерді анықтау және Қытаймен өзара сауданы ілгерілету құралы болуға арналған, сондай-ақ қосымша әлеуетті ынтымақтастық салаларын іздеуге ықпал ететін болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: