Түркіменстан мұғалімдері тек жасыл түсті қалам ұстауға міндетті

18 Ақпан 2020, 12:01
Сурет: akipress.org

Түркіменстанда мектеп мұғалімдерінен жасыл түсті қалам мен блокнот қолдануды талап етіп жатыр. Бұл жөнінде Азаттық радиосы түркімен қызметінің тілшісі хабарлады, деп жазады centralasian.org.

"Мектеп мұғалімдерінің әрбірінен түркімен туы түстес жасыл қаламсап және блокнот сатып алуды талап етіп жатыр. Бір қаламсап 45 манат, бір блокнот 50 манат тұрады", - дейді тілші.

Түркіменстанда ресми бағам бойынша бір АҚШ доллары 3,5 манат болады.

Осыған дейін Түркіменстанда ер адамдар жасыл түсті тақия, әйелдер ұлттық киім киіп жүру міндеттендірілген.

Өткен аптада мемлекеттік телеканалдар ел президенті Гурбангулы Бердымұхамедовтің парламент депутаттарымен болған жиналысты көрсеткен. Онда залда отырған шенеуніктер жасыл түсті қаламсап пен жасыл блокноттарға жазып отырғаны байқалған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?