Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда жаңадан 13 әуежай салынады

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2020 23:19 inbusiness.kz
Биыл Түркістандағы жаңа халықаралық әуежайдың құрылысы да аяқталады.

2020 жылы Үшарал мен Үржар әуежайларында ұшу-қону жолағы қайта жаңартылады. Бұл ішкі туризмді ынталандыру үшін жасалуы керек, - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі Берік Камалиев, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгінгі таңда жергілікті өңірде үш 3 әуейлағы жұмыс істеп тұр (Үшарал, Үржар, Зайсан). Алдағы 5 жылда тағы 13 шағын әуежай салу жоспарланып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірінші жартыжылдықта тұрақты жолаушылар тасымалымен айналысатын барлық авиакомпаниялардың аудиті аяқталады. Қадағалау-ареттеуді қарастыратын жаңа модель шеңберінде ұшу қауіпсіздігін жақсарту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Сонымен қатар, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету және инспекторларды оқыту ісі де аяқ шеніне жетіп қалды. АҚШ-қа ұшу үшін FAA аудитінен өту ұсынылып жатыр, - деді ол.

Сонымен қатар, ол биыл Түркістанда жаңа халықаралық әуежай мен Шымкент әуежайындағы жолаушылар терминалының құрылысы өз мәресіне де жететінін айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: