Әуежай айналасындағы үйлер заңсыз салынған

Facebook, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2020 22:01 Facebook
Талғар ауданы әкімдігінің қызметкерлері әуежайдың санитарлық-қорғаныс аумағына жататын жерлерді жеке шаруашылық жүргізуге заңсыз берген, оның ішінде заңсыз үй құрылысына жол берген – Скляр.

Әуежай айналасындағы үйлер заңсыз салынған. Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Талғар ауданы әкімдігі қызметкерлерінің өкілеттігін теріс пайдалану деректері бойынша тергеу жүргізуге кірісті. Бұл туралы бүгінгі брифингте ҚР премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

- Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Талғар ауданына қарайтын Алматының әуежайына жақын аймақта жер телімдерінің заңсыз берілуі фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, - сказал Скляр.

Тергеу анықтағандай, 2015-2019 жылдары Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғалары жер телімдерін ұсыну туралы заңсыз шешімдер шығарып, өкілеттіктерін теріс пайдаланған.

- Талғар ауданы әкімдігінің қызметкерлері әуежайдың санитарлық-қорғаныс аумағына жататын жерлерді жеке шаруашылық жүргізуге заңсыз берген, оның ішінде заңсыз үй құрылысына жол берген, - деп қосты Скляр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: