Алматыда заңсыз құрылысқа бақылау күшейтіледі: жыл басынан бері 52 нысан бұзылды

Алматы әкімінің тапсырмасымен қалада заңсыз құрылысқа бақылау күшейтіледі. Соның ішінде нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысын салуға арналмаған, яғни бау-бақша өсіруге немесе жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге бөлінген жер учаскелерінде тұрғын үй салу жағдайлары бақылауға алынады, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2026 10:53 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімінің тапсырмасымен қалада заңсыз құрылысқа бақылау күшейтіледі. Соның ішінде нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысын салуға арналмаған, яғни бау-бақша өсіруге немесе жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге бөлінген жер учаскелерінде тұрғын үй салу жағдайлары бақылауға алынады.

Бақылау құрылыс жұмыстары басталғаннан нысанды пайдалануға қабылдауға дейінгі барлық кезеңді қамтиды.

Қалалық құрылыс бақылау басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері Алматыда заңсыз салынған 52 нысан толық немесе ішінара бұзылған.

Басқармада 2026 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа Құрылыс кодексінің күшіне енуіне байланысты мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүргізу тәсілдері өзгергенін атап өтті.

Бұған дейін жеке тұрғын үй құрылысына жеңілдетілген тәртіп қолданылып, мұндай нысандар іс жүзінде өзге нысандармен бірдей көлемде құрылыс бақылауымен қамтылмаған. Жаңа заңнама бұл тәртіпті өзгертті. Қазір рұқсат беру рәсімдерінен өтуге, құрылыстың жоба алдындағы және жобалық дайындық жұмыстарына қойылатын талаптар жаңартылған.

Бұл Алматы үшін ерекше маңызды. Өйткені қалада нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысын салуға арналмаған жер учаскелерінде жеке тұрғын үйлер салу жағдайлары тіркеліп отыр.

"Жер учаскесінің болуы онда кез келген өлшемдегі және мақсаттағы нысанды салуға құқық бермейді. Құрылыс жер учаскесінің нысаналы мақсатына, қала құрылысы регламенттеріне және заңнама талаптарына сәйкес келуге тиіс", – деп атап өтті Қалалық құрылыс бақылау басқармасы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: