Жаңалықтар тізбегі
0

"Қордай" бекетінде адам, көлік және тауар өткізу шектелді

foursquare.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2020 16:12 foursquare.com
Шетел азаматтарын, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу үшін қазақстан – қырғыз шекарасындағы басқа өткізу пунктілерін пайдалану ұсынылады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мәліметі бойынша 2020 жылғы 20 ақпанның сағат 00.00 бастап "Қордай" автомобильдік өткізу пунктінде қайта жаңарту жұмыстарының басталуына байланысты тұлғаларды, көлік құралдарын және тауарларды өткізу бойынша шектеулер енгізілуде, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты, жаңартудың аяқталуына дейін Мемлекеттік шекара арқылы тек Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының азаматтары шағын жүкпен (қол жүгімен) сағат 06.00 бастап 24.00 дейінгі кезеңде жаяу тәртіппен өткізілетін болады.

Шетел азаматтарын, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу үшін қазақстан – қырғыз шекарасындағы басқа өткізу пунктілерін пайдалану ұсынылады:

- халықаралық:

"Қарасу" автожолдық (Қазақстан Республикасы) – "Ақ-Тілек" автожолдық (Қырғыз Республикасы);

"Сыпатай Батыр" автожолдық (Қазақстан Республикасы) - "Чалдыбар" автожолдық (Қырғыз Республикасы);

"Айша-Бибі" - автожолдық (Қазақстан Республикасы) - "Чон-Капка" - автожолдық (Қырғыз Республикасы);

"Кеген" автожолдық (Қазақстан Республикасы) - "Каркыра" автожолдық (Қырғыз Республикасы);

"Мерке" темір жолдық (Қазақстан Республикасы) - "Каинды" темір жолдық (Қырғыз Республикасы);

- екі жақты:

"Сартөбе" автожолдық (Қазақстан Республикасы) – "Токмок" автожолдық (Қырғыз Республикасы);

"Аухатты" автожолдық (Қазақстан Республикасы) - "Кен-Булун" автожолдық (Қырғыз Республикасы).

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: