"Желқуар" автокөлік өткізу пункті тасқыннан кейін қайта ашылды

Адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды шекара арқылы өткізу қайта басталды.
Қостанай облысында "Желқуар" автокөлік өткізу пункті арқылы өту қайта жанданды, деп хабарлайды zakon.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Су тасқынынан кейінгі жағдайдың жақсаруы мен көлік құралдарының жүріп өтуіне жағдай жасалуына байланысты 2021 жылғы 27 сәуірден бастап Қостанай облысы Жітіқара ауданының аумағындағы Ресей Федерациясы Челябі облысының "Мариинский" ресейлік өткізу пунктіне қарама-қарсы орналасқан "Желқуар" автокөлік өткізу пунктінде адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу қайта басталды, делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript