Жаңалықтар тізбегі
0

16 жастағы қазақ спортшысы зілтемір көтеруден әлемдік рекорд орнатты

ҚР ААФ, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2020 22:46 ҚР ААФ
Жалпы біздің командада 9 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль бар.

16 жастағы Қазақстан спортшысы Рахат Бекболат Ташкентте өткен жасөспірімдер мен юниорлар арасындағы Азия чемпионатында алтыннан алқа тағып, топ жарды. 102 келі салмақта сынға түскен ауыр атлет жұлқа көтеруде 158 келіні таза орындады. Ал серпе көтеруде 198 келіні көтеріп, әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды "Хабар-24".

Қос сайыстың нәтижесі - 356 ұпай.

Өзбекстанда өткен дүбірлі додада Қазақстан құрамасының қоржынына 14 медаль түсті. Оның тоғызы - алтын.

Рахат Бекболат, Азия Чемпионы:

- Дайындығымыз жақсы өтті. Өткен жылы күзде болған Азия біріншілігінен кейін дайындала бастадым. Ол кезде де әлемдік рекорд жасағам, бірақ 96 келі дәрежесінде. Ал мұнда 102 келі дәрежесінде рекордқа қол жеткіздім.

Қызылорда ауыр атлетика мектебінің тәрбиеленушісі қоссайыс қорытындысы бойынша 356 келі (158+198) көтеріп, қарсыласынан 14 келіге озып кетті. Осылайша 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 20 жасқа дейінгі жастар арасында чемпион атанды. "Серпе көтеру" жаттығуында жасөспірімдер арасында әлемдік рекорд орнатты.

ІІ-орын ирандық Аболфази Хакнурда – 342 келі (154+188), үшінші орынды өзбек Азимджон Ходжиев иеленді, ол қоссайыс қорытындысы бойынша 333 келі көтерді (152 + 181).

Ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына Азия құрлығының 20 елінен 14 әйелдер және 18 ерлер командасы қатысты. Қазақстаннан 10 спортшы қатысқан болатын, олардың барлығы жүлделі орындарға ие болды. Жалпы біздің командада 9 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: