Жаңалықтар тізбегі
0

Жас ғалымдарға 9 млрд теңге грант бөлінеді

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2020 18:49 primeminister.kz
Жас ғалымдардың 1013 өтінімі іріктелді.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Үкіметінің жанындағы Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссияның (ЖҒТК) отырысы өтті, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Ғылымды дамытудағы басымдықты бағыттар мен 2020-2022 жылдары жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыру көлемін бөлу туралы ҚР білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, атом энергетикасы саласындағы технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулер туралы ҚР энергетика министрі Н.Ноғаев баяндады.

2020-2022 жылдары жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландырудың жалпы көлемі 9 млрд теңгені құрайтын болады (жыл сайын 3 млрд теңгеден).

Қазіргі кезде мемлекеттік ғылыми-техникалық және экономикалық сараптамалар нәтижесі бойынша ұлттық ғылыми кеңестер келесі 7 басымдықты бағыт бойынша жас ғалымдардың 1013 өтінімін іріктеп алды:

энергетика және машина жасау (102);
табиғи ресурстарды, оның ішінде су ресурстарын, геологияны, қайта өңдеуді, жаңа материалдар мен технологияларды, қауіпсіз бұйымдар мен конструкцияларды ұтымды пайдалану (313);
жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер, ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар (167);
агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнмдерінің қауіпсіздігі (139);
өмір және денсаулық туралы ғылым (127);
"Мәңгілік Ел" ғылыми негіздері (XXI ғасыр білімі, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер, 155);
ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс (10).

ЖҒТК "Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулерді" жеке басым бағыт ретінде бөлуді бекітті, бұл Қазақстанның қазіргі ғылыми мектептерін одан әрі нығайту мен дамытуға, осы саладағы ғалымдардың жаңа буынын қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: