Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда боранды күні екі адам жоғалып кетті

Polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2020 20:59 Polisia.kz
Олар көліктен түсіп қайтадан орала алмай, адасқан.

Қарағанды қаласында жоғалып кеткен екі адам түні бойы іздестіріліп, ақыры олар айдаладағы қыстан табылды, деп хабарлайды Polisia.kz

"2020 жылдың 19 ақпанында сағат 20.40 минутта Қарағанды қалалық жедел- құтқару жасағы кезекші диспетчеріне ӨБОП оператордан Осакаров ауданы Сенокосное ауылы және Қушоқы кенті аймағында ауа-райына байланысты жеке қарда жүретін техникада екі адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Төтенше жағдай орнына кезекші ауысым құтқарушылары жол талғамайтын-батпақта жүретін “Вея” арнайы көлігінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жедел шықты. Түнгі уақытта 50 шаршы шақырым радиуста көрсетілген аумақты күрделі метеожағдайларға (боран, нашар көріну, қатты жел) қарамастан шарлап, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында жоғалып қалғандар байланысқа шықты, бірақ нақты орналасқан жерлерін түсіндіре алмады. Құтқарушылар GPS навигатор арқылы олардың тұрған жерін анықтап, даладағы қыстаққа жедел жетіп, зардап шеккендерді тауып, қажетті көмек көрсетіп, оларды тұрғылықты жеріне жеткізді. Зардап шеккендер медициналық көмекке мұқтаж болмады" делінген облыстық ТЖД баспасөз хабарламасында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: