Түркістан облысында қараңғы түсіп, жағаға жете алмай қалған екі балықшы құтқарылды

Түркістан облысында Шардара су қоймасына екі балықшы резеңке қайықпен балық аулауға шыққан кезде, қараңғы түсіп, адасқан жігіттер жағалауға жете алмай қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осылайша балықшылар 112-ге көмек сұрап хабарласқан.
Құтқарушылар оқиға орнына тез жетіп, 1986 ж.т. ер адамдарды жағадан 1 шақырым жерде тауып алып, жағаға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Төтенше жағдайлар кезінде 112 нөмеріне хабар беру керек.
Бұған дейін Қостанай облысында жылқымен мал іздеуге шыққан екі жасөспірімнің адасып кеткендігі жайлы жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript