Екі жасөспірім жылқымен мал іздеуге шығып, өздері адасып қалған

Лошадь, лошади, кони, конь, коневодство, пастбище, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2025 10:04 Фото: primeminister.kz
Қостанай облысы Жангелдин ауданының Торғай ауылында екі сыныптас 26 мамырда күндіз жылқымен мал іздеуге шығып, өздері адасып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, олар соңғы рет кешкі сағат сегіз жарымға қарай байланысқа шығып, қайтып келе жатқандарын айтқан. Дегенмен, бір жарым сағаттан өтсе де үйге оралмаған, осылайша уайымға салынған ата-аналары құтқарушыларға көмек сұрап жүгінді.

4 сағаттық үзіліссіз ісдестіру жұмыстарынан кейін, құтқарушылар Торғай ауылынан 8 шақырым жерде қамыстың арасында адасып қалған жасөспірімдерді тауып, елді мекенге жеткізді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Бұған дейін Астанада жаяужол опырылып, бойжеткеннің шұңқырға құлап түскендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: