Мал іздеуге шығып, оралмаған: Павлодар облысында шопан өлі күйінде табылды
Сурет: freepik
Павлодар облысында шаруа қожалығының қызметкері өлі күйінде табылды. 2026 жылғы 11 наурыз күні таңертең бұған дейін жылқымен мал іздеуге шыққан ер адам далада жансыз күйінде табылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Павлодар-онлайн" басылымының мәліметінше, қайғылы оқиға Баянауыл ауданындағы далада болған.
Ауыл тұрғынының қаза тапқанын облыстық төтенше жағдайлар департаменті растады.
"11 наурыз күні таңертең іздестіру жұмыстары барысында Баянауыл ауданы Майкөбе ауылынан 10 шақырым жерде, фермаға шамамен 2 шақырым қалғанда, ТЖД құтқарушылары мен аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлері 1980 жылы туған ер адамды өмір белгілерінсіз тапты", – деп хабарлады департамент.
Шаруа қожалығының қызметкері 10 наурыз күні шамамен сағат 14:00-де жылқымен мал іздеуге шыққан.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript