Маңғыстау облысында тұрғыны өз үйінің ауласында өлі күйінде табылды

Маңғыстау облысында тұрғыны өз үйінің ауласында өлі күйінде табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2026 18:28 Сурет: Zakon.kz
Маңғыстау облысы Шетпе ауылының бір жеке үй аумағындағы шаруашылық құрылыста 42 жастағы ер адам өлі күйінде табылды, мәйіттің жанында атыс қаруы жатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz сайтының мәліметінше, қайтыс болған адам жұмыссыз болған.

"Шақырту бүгін, 20 қаңтар күні түсті. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиға орнына жұмыс істеп жатыр. Болжам бойынша оқиға – өз-өзіне қол жұмсау, тергеу жүргізіліп жатыр", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеудің мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: