Қостанай облысында полицейді өз үйінің ауласында өлтіріп кеткен
Сурет: freepik
10 мамырда Қостанай облысы Ұзынкөл ауылында өз үйінің ауласынан аудандық полиция бөлімінің қызметкері өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қостанай облысының полиция департаменті марқұмның криминалист болып жұмыс істегенін, қазіргі уақытта жыл сайынғы еңбек демалысында болғанын нақтылады.
"Аса ауыр қылмыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыскерді ұстау бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады ПД.
Орын алған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу барысы ІІМ бақылауында.
Тергеу мүддесіне сай өзге ақпараттар жариялауға жатпайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript