Қостанай қаласының тұрғыны өз пәтерінен өлі күйінде табылды
Сурет: pixabay
Қостанай қаласының 61 жастағы тұрғыны өз пәтерінен күштеу белгілерімен өлі күйінде табылды. Полиция күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бейресми мәліметтер бойынша, қаза тапқан адам сегізінші ықшам аудандағы үйлердің бірінде тұрған. Қайғылы оқиға 16 қарашада болды, деп хабарлайды "Костанайские новости" өңір полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 99-бабы, "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен 51 жастағы әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды". Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі
Полиция болған оқиғаның егжей-тегжейін тергеудің құпия болуына байланысты жария етуден бас тартты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript