Алматы облысында екі жас турист тауға шығып, адасып кеткен

Алматы облысында екі жас турист тауға шығып, адасып кеткен, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2024 22:53 Сурет: видео скрині
Алматы облысында екі турист тауға шығып, адасып кеткен. Құтқарушылар оларға көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"11 тамызда 22-25 жас аралығындағы екі жас турист, олардың бірі Ресей азаматы Үлкен Алматы шыңына серуенге шыққан, бірақ маршрутты білмегендіктен, олар жолдан адасып, 112 нөміріне хабарласып көмек сұрады". Төтенше жағдайлар министрлігі

Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы іздестіру жұмыстары Үлкен Алматы шыңының етегінде жүргізді.


12 тамызда туристер Екіөзек өзенінен жоғары тау шыңының шығыс жағындағы бастиондарда 2 700 метр биіктікте табылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: