Алматы облысының тауларында адасып кеткен бес жас турист табылды
Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
1 шілде күні таңертең Алматы облысының тауларында адасып кеткен бес турист құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ мәліметінше, 5 адамнан тұратын туристік топ тауға көтеріліп, өз бетінше түсе алмаған. Оларды іздестіру операциясы Қарасай ауданының "Девичьи слёзы" сарқырамасының маңында жүргізілген.
Ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты құтқару жұмыстары 5 сағатқа аса созылды. Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылы арқасында 19-20 жастағы жас туристтер аман-есен табылды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Сондай-ақ, 29 маусым күні Алматы облысында тауда адасып кеткен Ұлыбритания азаматы табылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript