Алматы тауларында адасып кеткен екі жігіт іздестіріліп жатыр
Сурет: Zakon.kz
25 наурызда шамамен сағат 15-06-те Алматы тауларында адасып кеткен екі турист төтеншеліктерге хабарласты. Қазіргі уақытта оларды іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ мәліметінше, 4 қызметкер және 1 кинологиялық есеп Медеу ауданындағы Үлкен Алматы шатқалына бет алды.
"19 жастағы екі жігіт ТЖД кезекшісіне хабарласып, өздері тұрған жерден видео жолдады. Құтқарушылар іздестіру орнына шықты", делінген ведомство хабарламасында.
ТЖМ тауда адасып қалған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу керектігін еске салады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript