Алматы тауларында адасып кеткен екі жігіт табылды

Алматы таулары, жоғалған екі жігіт, құтқару, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2024 16:22 Сурет: Zakon.kz
Алматы тауларында адасып кеткен екі жігіт табылып, таудан түсірілді. Қалалық құтқарушыларға жоғалғандарды іздеу үшін бір сағатқа жетер-жетпес уақыт қажет болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, 2005 жылғы екі жігіт ТЖД-ның кезекші пультіне хабарласып, өздерінің адасып кеткенін хабарлаған. Сондай-ақ өздерінің қай жерде тұрғанын көрсетіп, тауда түсірілген видеоны жолдаған.

"Оқиға орнына келгеннен кейін құтқарушылар жас жігіттердің бірі аяғын жарақаттап алғанын анықтады. Құтқарушылар оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Сондай-ақ, оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шақырылды". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Айта кетсек, Алматы мен Алматы облысындағы тауларда үш тәулікте 36 қар көшкіні жүрген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: