Іле Алатауында адасып кеткен екі жасөспірім аман-есен табылды
Сурет: ҚР ТЖМ
Тауда адасып кеткен 16 жастағы екі жасөспірім құтқарушылардың көмегінің арқасында табылып, үйлеріне аман-есен оралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
23 қыркүйекте Іле Алатауы тауларында Көк-Жайлау - Үш ағайынды - Күмбел бағытымен келе жатқан екі жасөспірім жоғалып кетіп, жедел құтқару тобы оларды іздеуге шықты.
"Жасөспірімдер Күмбел шыңы аймағында таудағы үйдің бірін паналаған. Құтқарушылар оларға жылы шұлық беріп, киімдерін кептіріп, таудан түсірді". ҚР ТЖМ
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript