Алматыда жоғалып кеткен оқушы қыз аман-есен табылды
Сурет: Facebook/Каунбаева Шаира
Қалалық полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рүстам Әбдірахманов қыз баланың табылғанын, аман-есен екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қыз бала Бостандық ауданынан табылды. Оның қыдырып жүргені белгілі болды. Арқасындағы сөмкесі мектеп жанындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласынан табылды. Мектептен шыққаннан кейін қыздың дүкенге кіргені анықталды. Ең бастысы, бала тірі және ама-есен ата-анасына тапсырылды. Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі
Сегіз жасар Белла Миронова Алмалы ауданындағы №34 мектептің маңынан жоғалып кеткен.
Қыздың анасы полицияға сағат 16:20-да хабарласқан.
Сегіз жасар қыз баланы іздеуге полиция, учаскелік полиция, шұғыл әрекеттегі, сондай-ақ ювеналдық полиция қызметкерлері жұмылдырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript