Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жоғалып кеткен қыз троллейбустан табылды

Полиция Сурет: Zakon.kz
Еріктілердің көмегінің арқасында бүгін, 6 желтоқсан күні таңертең жоғалып кеткен 9 жасар оқушы қыз аман-есен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның болжамынша, ол күні бойы қоғамдық көлікте жүрген болуы да мүмкін. Қазір оқиғаның егжей-тегжейі анықталып жатыр.

"Қыз троллейбустан табылды. Ол күні бойы қоғамдық көлікте жүрген болуы да мүмкін. Біз басқа жағдайларды міндетті түрде анықтаймыз. Ең бастысы - балада бәрі жақсы. Патрульдік полиция қызметкерлері оны ата-анасына тапсырды. Алматы қаласының полициясы қызды табуға жан-жақты көмек көрсеткен қамқор азаматтарға шексіз алғысын білдіреді, - деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полицияның бастығы Жанна Шонжанова.

Бұған дейін Алматыда 9 жасар қызыдың үйден шығып, кейін оралмағаны туралы хабарлаған едік.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз