Алматы облысында бір ай бұрын жоғалып кеткен жасөспірім егіс алқабынан табылды

Алматы облысы, жасөспірім, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2022 13:19 Сурет: pixabay
Алматы облысында қыркүйектің 11-і күні жоғалып кеткен 14 жастағы оқушы табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Баланы іздеуге полиция мен еріктілер жұмылдырылды.

Нәтижесінде, департаменттің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, кәмелетке толмаған жасөспірім Талғар ауданы, Сақтан ауылынан табылды.

Бала 40 күннен астам ата-анасынан жасырынып жүрген. Ол далада түнеп, көзге түспеуге тырысқан.

Сондай-ақ ол бұған дейін де үйінен бірнеше рет қашып кеткені белгілі болды. Ол ата-анасымен бірге тұрғысы келмейтінін айтқан.

Баланың болашақ тағдырын комиссия құрамында облыстық қорғаншылық және қамқоршылық департаменті, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, ювеналдық полиция қызметкерлері шешеді. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: