Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды

Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2024 09:23 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
12 қарашада жоғалып кеткен 19 жастағы Әнел Еріктің мәйіті Үлбі өзенінің жағасынан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің мәліметінше, қыздың денесі 13 желтоқсанда табылған.

"Полиция қызметкерлері 13 желтоқсанда Өскеменнің Протозанов көшесінен Үлбі өзенінің жағасынан бұған дейін із-түзсіз жоғалған 19 жастағы Әнел Еріктің мәйітін тапты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: