Алматы облысында екі ер адам тауға шығып, адасып кетті

турист, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2024 12:06 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Алматы облысының Талғар ауданында 1994 жылы туған екі ер адам тауға көтеріліп, бірақ адасып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, олар өз бетінше таудан түсе алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінді.


"Тәуліктің қараңғы уақытына және ағаштарды құлатқан дауылды желге қарамастан Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы туристерді Қотырбұлақ шатқалынан тауып, оларды қауіпсіз жерге алып барды", - делінген хабарламада.

Туристер медициналық көмекке мұқтаж емес.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: