Атырау облысында мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен тұрғындар табылды
![Атырау облысы ТЖД, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2023 22:21](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-8705fc66-cf59-4eaa-8e05-789beef02816/800x449.webp)
9 наурыз күні сағат 11:30 шамасында мал іздеуге шығып, байланысқа шықпаған 1969 және 1965 жылдары туған тұрғындар табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оларды Атырау облысы ТЖД қызметкерлері ТРЭКОЛ автокөлігімен 2023 жылғы 10 наурызда сағат 13:25-тен бастап Атыраудың Алғабас селосынан 50 шақырым қашықтықта іздестірді.
Бүгін, 10 наурызда сағат 17.23-те іздестіру-құтқару жұмыстарына қосымша "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмылдырылды.
"Сағат 17:47-де Атырау облысы ТЖД қызметкерлері жоғалған азаматтарды тауып, қауіпсіз аймаққа жеткізіп, туысқандарына тапсырды. Азаматтардың жағдайы жақсы, медициналық көмекті қажет етпейді". Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД қызметкерлері мен техникасы, "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы мен тәжірибелі экипажы жұмылдырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript