Жаңалықтар тізбегі
0

Жапонияда карантинде тұрған кемеден қазақстандықтар босап шықты

ҚР СІМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2020 21:35 ҚР СІМ
Олар ертең елге оралады

Коронавирусты жұқтырған адамдармен Diamond Princess круиздік кемесінде болған қазақстандықтар жағаға босап шықты. Жақында олар елге оралады, деп хабарлайды zakon.kz.

Жапониядағы ҚР Елшілігінің ақпараты бойынша, бүгін Diamond Princess круиздік кемесінде болған тағы екі азамат құрлыққа босатылды. Қазір олар Токиодағы қонақ үйлердің бірінде. Осы кемеде болған біздің барлық азаматтарымыз коронавирус сынағынан өтті. Барлығының нәтижесі теріс деп шықты. Олар ертең елге оралады деп күтілуде, делінген ҚР СІМ мәлімдемесінде.

Токиодағы қазақстандық дипломаттар алғашқы күннен бастап отандастарымызбен байланыс орнатып, оларға барлық консулдық және құқықтық көмек көрсетіп отырғандарын жеткізді

Бұған дейін коронавирусты жұқтырған круиздік кемеде төрт Қазақстан азаматы бар екені хабарланған болатын: екі немересі бар екі әйел адам. ҚР СІМ хабарлағандай, олар үйлеріне өз ақшасына қайтады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: