Қазақстандық жасөспірімдердің үштен бірі ғана жеміс-жидек жейді

kraskizhizni.com kraskizhizni.com
Оның есесіне балалар күн сайын зиянды тамақтар жейді.

Елдегі балалар мен жасөспірімдердің 38% ғана күн сайын жеміс жейді, 43% – көкөніс жеп жүр. Осындай жағдайға жеткенімізді ҚР БҒМ мен ҚР ДСМ-нің қолдауымен Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы жүргізген зерттеу көрсетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Ұлттық орталықтың жастар мен балалар денсаулығын күшейту бөлімінің басшысы Ақбота Әбілдинаның айтуынша, 15 жасқа қарай жасөспірімдер арасында жемісті күн сайын жеу 33%-ға дейін азаяды.

Оның есесіне балалар күн сайын зиянды тамақтар жейді.

Сауалнама көрсеткендей, балалардың 60% күн сайын кола сияқты қанты көп сусын ішеді.

Зерттеу анықтағандай, көптеген мектеп оқушылары таңғы ас ішпейді.

Жеке бас тазалығына келсек, оқушылардың 49% ғана күніне екі рет тіс тазалайды, қыз балалардың 54%, ұл балалардың 45% пайызы жиі жуынып жүр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз