Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өткен митингі кезінде қанша адам ұсталды

24.kz 24.kz
Ұсталғандардың көбісі сұрақ-жауап алынғаннан кейін босатылған.

Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы митингі кезінде 50-ден астам адам ұсталды, деп мәлімдеді ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев үкімет дәлізінде журналистерге берген сұқбатында, деп хабарлайды zakon.kz.

Кейбір азаматтар еліміздің қалаларында рұқсат етілмеген митингіге шыққан. Полиция 53 адамды ұстады, оның ішінде әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар да бар, 43 азамат сұрақ-жауаптан соң босатылды. Заңсыз митингі, негізінен Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өтті, - деді Тұрғымбаев.

22 ақпанда Алматыда және Нұр-Сұлтанда экстремистік деп танылған бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовтың Қазақстан демократиялық таңдауы қозғалысын қолдау мақсатында митингілер өтті. Бір күн бұрын Бас прокуратура қазақстандықтарға "елде тыйым салынған экстремистік ұйым мүшелерінің арандатуына ермеуге, митингіге қатыспауды" ескертті.

Сол күні белсенді Жанболат Мамайды қолдау мақсатында да митинг өтті. Ол 21 ақпанда рұқсат етілмеген митингіге қатысуға шақырғаны үшін ұсталған.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз