Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Елордада тергеу изоляторында қоғам белсендісі көз жұмды

42 жастағы Дулат Ағаділ әлеуметтік мәселелерді көтеріп, азаматтық құқықтар мен бостандықтарды сақтауды жақтайтын қоғам белсендісі болған еді.

Сурет : Азаттық25 Ақпан 2020, 12:44

Нұр-Сұлтан қаласында тергеу изоляторында 1977 жылғы Дулат Ағаділ қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сотты құрметтемеу, судьяны немесе сот отырысына қатысушыларды қорлау түріндегі құқық бұзушылық әрекеттеріне қатысты Дулат Ағаділдің үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын. Биыл қаңтар айында оған сырттай айыпты деген үкім шығарылып, оған ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Дегенмен үкімде көрсетілген мерзімде тергеуге келмей, одан жалтарғанына байланысты бұл бұлтартпау шарасы қамауға алуға өзгертілді, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

24 ақпанда кешкі сағат 9.00 шамасында Ағаділ үйінде ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.

Ол отырған тергеу изоляторы камерасында тағы төрт адам бар. Олар оған қарсы зорлық-зомбылық қолдану фактілері болмағаны туралы куәлік етті. Оны ұстау кезінде медициналық сараптама қорытындысында мас болғаны көрсетілген. Жедел жәрдем бригадасы оның өлімін тіркеді. Өлімнің алдын-ала себебі: "Жедел жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі". Марқұмның денесінде ешқандай дене жарақаттары жоқ. Сотқа дейінгі тергеу басталды, - дейді құзырлы органдағылар.

42 жастағы Дулат Ағаділ әлеуметтік мәселелерді көтеріп, азаматтық құқықтар мен бостандықтарды сақтауды жақтайтын қоғам белсендісі болған еді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер