Дәурен Абаев Бекзат Саттархановтың әкесінің қазасына көңіл айтты

facebook.com facebook.com
"Әке көрген оқ жонар" дегендей, осындай рухы мықты әкелер ғана Бекзаттай туымды ұл тәрбиелер болар.

Даңқты боксшымыз, талантты өрен Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан ағамыз дүниеден озды деген хабар барлығымызға ауыр тиді, деп жазды facebook-те ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

- Ағамызбен былтыр "Бекзат" фильмінің көрсетілімінде танысу бұйырған еді. Сол кездесуден байқағаным, Бекзаттың бойындағы қарапайымдылық пен адамгершілік, қайсарлық пен өрлік, ең алдымен, әкесінен дарыған қасиеттер екен. "Әке көрген оқ жонар" дегендей, осындай рухы мықты әкелер ғана Бекзаттай туымды ұл тәрбиелер болар. Сейілхан ағамыздың жары Сырлыкүл апайымызға, балаларына, жақындары мен туыстарына ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Ағамыздың алды пейіш, арты кеніш болсын, - делінеді жазбада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз