Алматы облысында құқық бұзғандар 121 млн теңге айыппұл төлеп тастады

inform.kz inform.kz
Тәртіп сақшылары сонда да халықты құқық бұзбауға шақырып қояды.

Алматы облысында құқық бұзушылар мемлекет қазынасына 121 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл төлеген, деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

"Жыл басынан бері облыс аумағында тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 48 мың әкімшілік хаттама толтырылған. Бүгінгі күнге дейін облыс тұрғындары мемлекет пайдасына 121 000 000 астам теңге айыппұл төледі",- деп хабарлайды Алматы облысы ПД ӘПБ аға инспекторы Ажар Рыспаева.

Алматы облысының тәртіп сақшылары тұрғындар арасында тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды болдырмау бойынша жедел алдын алу іс-шараларын жүргізеді.

"Күнделікті жұмыс барысында немесе халықпен кездесу кезінде тұрғындар тарапынан әкімшілік айыппұлдар мен оларды төлеу жүйесіне қатысты сұраулар көп түседі. Осыған орай, біз БАҚ құралдары және әлеуметтік желі арқылы тиісті ақпараттандыру жұмыстарын жүргіземіз. Айыппұлдарды төлеу тәртібі мен әдістері толық жазылған көрнекі құралдар тиісті орындарда ілінген", - деп толықтырды полиция подполковнигі Ажар Рыспаева.

Полиция өкілінің ақпараты бойынша әкімшілік айыппұл салынған тұлға сол сәттен бастап 7 күн ішінде айыппұлдың 50 пайызын ғана төлеуге құқылы. Жеңілдетілген мерзім өтіп кеткен жағдайда, ол 30 күнтізбелік күн ішінде айыппұлдың толық сомасын өтеуге міндетті. Бір ай ішінде айыппұл төленбесе, полицейлер айыппұлды мәжбүрлеп өндіру үшін жеке сот орындаушыларының көмегіне жүгінуі тиіс.

Айыппұлдарды "egov" "Электронды үкімет" порталында, банктердің мобильді қосымшалары арқылы немесе "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінде төлеуге болады. Жол ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлдың төленгені туралы түбіртекті жергілікті Әкімшілік полиция бөлімшесіне көрсетудің артықшылығы жоқ.

Төленбеген айыппұлы бар бар тұлға қолданыстағы "Жол жүрісі туралы" Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден, оның ішінде көліктерді есепке алу әрекеттерінен бас тартылатынын және мемлекет шегінен тыс шығуға тыйым салынатынын ұмытпаған абзал.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз