Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысының полицейлері құқық бұзған 1916 адамды жауапкершілікке тартты

24kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2019 17:52 24kz
Тәртіп сақшылары 5 күннің ішінде медициналық айықтырғышқа 178 адамды жеткізген.

23-27 қаңтар күндері аралығында Алматы облысының аумағында полиция қызметкерлері "Профилактика" жедел алдын алу іс-шарасын жүргізіп, медициналық айықтырғышқа 178 құқық бұзушыны жеткізген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған іс-шара алкогольдік ішімдікке мас күйде жүру, отбасылық-тұрмыстық сала мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткізілген.

Сонымен қатар, іс-шара кезінде тұрақты мекен-жайы анықталмаған 110 адам оқшаулау орталықтарына жеткізілді. ҚР ӘҚБк-нің 132 және 442-баптарына сәйкес кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде көңіл көтеруіне жол берген он мекеме жауапкершілікке тартылып, заңды өкілінсіз жүрген 254 жасөспірімнің ата-аналары мен заңды өкілдеріне әкімшілік айыппұлдар салынды.

"Профилактика" жедел алдын алу іс-шарасы барысында облыс аумағында 1916 әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, тәртіп сақшылары тиісті шаралар қабылдады",- деп толықтырды баспасөз қызметінде.

Айта кеткен жөн, бұған дейін Алматы облысы аумағында жүргізілген осы сияқты жедел алдын алу іс-шарасының барысында 3 күннің қорытындысы бойынша түнде жалғыз жүрген 155 бала анықталған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: