Алаяқ фирма бес ауылдың жерін кепілге қойып, несие алған

видеодан кадр видеодан кадр
Теріскейдегі жұрттың жергілікті билікке өкпесі қара қазандай.

Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданына қарасты 5 ауылдың тұрғындары алаяқтықтың құрбанына айналып отыр. Жарқын СК деп аталатын фирма жұрттың жерін кепілге қойып, несиеге қыруар қаржы алған. Уақытында қарызын өтей алмай, Арграрлық несие корпорациясы кепілдікктегі жерді аукционға шығарыпты. Халық бейхабар, енді естіп жаға ұстауда.

Жердің жайы жығылғанға жұдырық. Себебі Айыртаудағы ағайын онсыз да судың, жолдың, байланыстың тағы басқа игіліктерден таршылық көріп келеді. Жылдағы есебінде әкімдер уәде беруден ары аса алмай келеді екен. Қажыған жұрт бұйымтай базыналарымыз бар, жеткізіңдер жоғары жаққа деп бізге шықты. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

"Жерден айырылғасын не боламыз?. Ел не болады, халық не болады?

"Оны кім қойғанын, қалай қойғанын, біздің бір адам білмейді. Өздері Дубайға, курортқа барып келеді".

"Әкімнің керегі қанша. Ол соның жағдайында білмейді. Біз өз күнімізді өзіміз көріп жатырмыз шынын айтқанда".

"Түнде ұйқыдан , күндіз күлкіден қалдық".

Бұл - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы ағайынның жанайқайы. Теріскейдегі жұрттың жергілікті билікке өкпесі қара қазандай. Дәуқара, Қарақамыс, Светлый, Егінді ағаш, Бірлестік деген елді мекендердің жерін "Жарқын-СК" деген серіктестік жалға алып, кепілге қойған.

Жақсылық Шаяхметов, Бірлестік ауылының тұрғыны:

"Оны кім қойғанын, қалай қойғанын, біздің бір адам білмейді. Өздері Дубайға, курортқа барп келеді. Астында бәлен машина. Біздің жердің арқасында екен. Әбден болары болып, бояуы сіңген кезде сендердің жерлерің аукционда тұр деп, содан у шу, даңғаза боп жүрміз".


Мәселенің мән-жайын анықтамақ болып, Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл кентіне бардық. Аудан әкімі орнында жоқ. Қауырт жұмыспен кетіп қалыпты-мыс.

"Ол кісі орнында жоқ. - Әркім әр түрлі айтады, біле алмай тұрмыз? Жоқ, есігі жабық тұр.


Есесіне, әкімнің орынбасарына біраз сұрақ қоюға тура келді.

Едрес Жанапин, Айыртау ауданы әкімінің орынбасары:

"Соның бәрі тексеру кезінде анықталып жатыр. Кісілер қолдарын қоймаған. Бұрынғы директор қол қоймаған. Қазір соның бәрін көтерді, ашып жатыр".


Ешмұқан Байдулинов, Бірлестік ауылының тұрғыны:

"Пайға деп бәрімізге қолды қойдырып алды. Оның шляпасын өзгертіп жібергенін қайдан білейік. Алдап қойдырып алды көбіне".


Едрес Жанапин, Айыртау ауданы әкімінің орынбасары:

""Жарқын-СК" ТОО директорын шақырып, олардың атынан исковой заявление бергіздік. Бірінші мәселе. біз солай ғана тоқтата алдық. Үші күні халық келді. Біз өзіміз айттық оны. Өзіміз көтердік. Әкім бастап".


Қазір тексеру жұмыстары басталған. Алайда тұрғындар алдағы егін науқанына алаңдаулы. Кезінде Көкшетауға қарап тұрған шақ жақсы еді деп еске алады жұрт. Солтүстік Қазақстанға қосылғалы Айыртаудағы ауылдардан ажар кеткен. Мәселен, Бірлестік елді мекеніндегілер ауыз суға жарымай отыр.

Жүздеген түтіні бар Бірлестік ауылындағы жалғыз құдық - осы. Бұл жердегі көріністі сөзбен жеткізу мүмкін емес. Айналасы көк мұз, қала берді малдың тезегі, иіс. Өйткені, тұтас ауыл осы жерден су алады. Малды да осы құдықтан суарады".

Ботагөз Әшірбекова, Бірлестік ауылының тұрғыны:

"Қар ерігенде сол құдықтың ішіне барады. Оны біз ішеміз. Алматыға екі рет операцияға барып, тас алдыртым. Екі водокочка тұр. Екеуін іске қосса жақсы болар еді. Ел қиналмас еді".


Бұл маңдағы ел-жұрттың жанына батып отырған тағы бір мәселе - жол. 30 жыл жөндеу көрмеген.

Қасым Нұрғали, Дәуқара ауылының тұрғыны:

"Жүру қиын. Әсіресе, кәрілерге, жас балаларға, екі қабат аналарға жол жүру қиын. Аудан орталығына бұрын 40 минутта баратын едік. Қазір 2-3 сағат жүреміз".


Едрес Жанапин, Айыртау ауданы әкімінің орынбасары:

"Биылғы жыл қыс басқаша. Бүгін ашамыз, таңертең жоқ болады. Облыс бойынша ең үлкен көлемі бізде. Млрд ақшасын мен сізге айта алмаймын".


Иә, жергілікті биліктің жоспарын Жаратушының өзі бұзғандай. Кейбір ауылдарға анау-мынау көлік кіре алмайды.

Бұл - Дәуқара елді мекені. Ауылға кіретін жалғыз жол бар, оның өзін қар басып қалған. Тек осындай ат көлікпен, ат шанамен қатынауға мәжбүрміз".

Көктем жақындаған сайын Абзалдың көңілі құлазиды. Көркі қашқан ауылда қыз да қалмапты. Жалғыз әжесіне сүйеу болып, жазда жылқы бағады, қыста күре жолмен ауылдың ортасында адам тасиды. Ат шанамен

Абзал Әбішев, Дәуқара ауылының тұрғыны:

-Күнде шығасыз ба, осылай кісі тасуға? -Көбінде ат бар ғой ауылда. Анау баста тұратын кісілер болады. Үлкен кісілер. Тегін бе? Тегін. Ауылдың адамынан қалай ақша сұрамаймыз. Шығаратындарды шығарып саламыз. Отбасың бар ма? Жоқ. Бойдақпын. Ауылда жастар шамалы. Мынандай ауылдық жерге қыздар келгісі келмейді.


Ең болмаса көрші ауылдың қыздарымен сөйлесетін ұялы байланыста жоқ бұл жақта. Орталыққа барғанда кәдеге жарамаса, былайғы уақытта ол сағат пен фонарь болуға ғана татиды. Бәрін қойшы, ауырып-сырқағанда бас сұғатын бірде-бір мекеме жоқ.

Еламан Жанболов, Қарақамыс ауылының тұрғыны:

"Медпункт болғанда, оның үйіне бару керек тарсылдатып. Осы ауылда бос үйлер бар, соны сатып алып, медпункт ашуға болады. Ауыл әкімі болсын, аудан әкімі болсын, ондай движение жоқ. Біреудің үйіне барып, терезесін тықылдатып айта берудің өзі..."

Көпбалалы аналардың да жағдайы мәз емес. 7 балалы анаға 21 мың теңгеден 4 ай жәрдемақы беріп, енді оны кері қайтар деп жанын қинап жатқан көрінеді.

Жанар Махметова, көпбалалы ана:

"Сельский акимат маған айтады. Сенде 13 бас сиыр бар. Мен айттым сіз неге келіп үйімді тексермейміз. Қораны қараңыз. Мен қалай төлмеймін. Анау баламды асырап отырған 3 сиырды тапсырайын. Сосын аштан отырамыз".

Нұрболат Ғалымов, Айыртау ауданы Жұмыспен қамту орталығының директоры:

"Сол кезде барғанда учасковый комиссия, заключение қағазымыз бар. 13 қара мал қорасында болыпты. Фотосы бар ма 13 бастың? Фото болғанда, комиссия заң бойынша барады ғой. Бес адам. Суретке түсірмейді. Комиссия дәлелдейді. Қалай дәлелдейді? Әкім қол қояды сельский округтің. Білім бөлімінен барады".

"Мен деймін, домбырам не дейд". Айыртаудағы билік пен қараша халықтың арасындағы ахуал осы.

Жақсылық Искаков, Дәуқара ауылының тұрғыны:

"Бізге жаны ашитын депутаттарға, Солтүстік Қазақстан облысынан өткен депутаттарға құлаққағыс. Басқа да депутаттарға бес ауылдың зарын айтпақшымын".

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз