Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Қазақша сәлем бер! Қазақстан халқына қол алып, амандасудан бас тарту ұсынылды

Әлемде коронавирустың жаңа түрінің таралуына байланысты көптеген елдер қатерлі дерттен қорғану үшін қол алысып, амандасудан бас тартып жатыр.

Сурет : u-f.ru4 Наурыз 2020, 12:19

Қазақстандықтарға инфекция жұқартырмау үшін қол алысудан бас тарту ұсынылды. Оның орнына танымал ғалым "Сәлем бердік" қазақы дәстүрін жаңғыртуды ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде атақты академик, Қазақ тағамтану академиясының президенті және С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ профессоры Төрегелді Шармановтың видеосы тарап жатыр.

Мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қол алып амандасуды доғару керектігін айтқым келеді. Бұл гигиенаға сай емес. Ол адам қайдан шықты, не ұстады, белгісіз ғой. Ал қолын алмасаң мәдениетсіз секілді көрінесің. Қазақта иіліп сәлем беретін әдемі көрініс бар. Соны жаңғырту керек. Адам оң қолын жүрегінің тұсына апарып, басын изеп «Сәлем бердік» деген. Ал келіндер иілген, әрине. «Сәлем алдық» дейді келесі адам немесе үлкендер жағы жастарға басынан сипап, бата беріп жатады. Жақсы көрініс қой, осыны жаңғыртайық, - дейді ғалым онда.

Айта кету керек, әлемде коронавирустың жаңа түрінің таралуына байланысты көптеген елдер қатерлі дерттен қорғану үшін қол алысып, амандасудан бас тартып жатыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер