Елорда тұрғындарына ұзақ сапарларға шығудан бас тарта тұру ескертілді
Елордадағы күрделі метеорологиялық жағдайды ескере отырып, балаларды ересектерсіз үйден шығармауға кеңес береміз.
Қала көшелерімен жеке көлікпен жүру кезінде көшелерді тазалайтын коммуналдық қызметтердің арнайы техникасының колонналарына кедергі келтірмеуге, сондай-ақ қажет болған жағдайда жол қозғалысының басқа қатысушыларына көмек көрсетуге міндетті.
Қаладан транзитпен өтетін көлік құралдарының жүргізушілері белгіленген тұрақ орындарында ғана тұраққа қоюды жүзеге асыруы және қаладан шыққан кезде автокөліктерді күре жолдың бойында қалдырмауы қажет.
Апаттылықты талдауға сәйкес, жыл басынан бері елорда аумағында 3 620 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, нәтижесінде 45 адам жарақат алған.
Жүргізушілерден жолдарда өте мұқият болуды, жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтауды сұраймыз.