Синоптиктер Қазақстанда күн қайта суытатынын болжады

4 Наурыз 2020, 14:34
Сурет: pavlodarnews.kz

Қазақстан арқылы арктикалық суық фронттар ағыны өтіп, жылы ауа суық массасымен араласады, салдарынан жаңбырдың соңы қарға ұласып, еліміздің солтүстік өңірінде боран соғуы мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Еліміздің оңтүстік және шығыс облыстарына Орталық Азия аумағынан циклон ығысып келеді, оңтүстіктің жылы және ылғалды ауасы мен солтүстіктен жылжыған суық ауаның кездесуі кезінде жауған жаңбыр қарға ұласып, кей жерлерде қалың қар жауып, көктайғақ болып, күшті жел тұрып, шығыста бұрқасын күтіледі. Гренланд теңізінен арктикалық күшті антициклон келеді, ол республиканың көптеген облыстарында күннің суытуына әкеп соғады.

Тек батыс облыстарында ғана Қара теңізден жылы ауа массасының таралуымен температураның көтерілуі күтіледі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?