Синоптиктер күннің қатты суытатынын болжады
видеодан алынды
Синоптиктер солтүстік аймақтарда боран соғып, солтүстік-батыстан күшті жел соғатынын айтады.
12-14 желтоқсанда Қазақстанға Баренц теңізінен салқын ауа ойысып келіп, еліміздің барлық бөлігінде күн қатты суытады, деп хабарлайды zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Арктикалық ауаның ойысып келуі салдарынан республикамыздың бүкіл аумағында қар жауады, кей жерлерде толассыз қар жаууы мүмкін. Елімізді жартылай тұман басып, кей өңірлерде көктайғақ болады деп болжанады.
Синоптиктер солтүстік аймақтарда боран соғып, солтүстік-батыстан күшті жел соғатынын айтады.
Қазіргі уақытта елдегі температура ұзақ мерзімді орташа деңгейден +4 ... 10 ° C жоғары. Алдағы үш күнде ол желтоқсандағы нормаға дейін төмендейді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript