Синоптиктер демалыс күндеріне арналған ауа райын болжады
Sputniknews.kz
Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, жел күшейеді.
Алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
"Алдағы демалыс күндері республиканың бірқатар облысында қар жауып, боран соғады, жел күшейеді. Оңтүстікте көктайғақ болады, тұман түседі", — делінген хабарламада.
"Қазгидромет" РМК ақпаратынша, дүйсенбі күні ауа температурасы қайта төмендей бастайды.
Тек батыс өңірлерде жоғарылап, қалыпты нормадан 3-8 градусқа жоғары болады. Қазақстанның қалған аумағында бұл күндері температура орташа ұзақ мерзімді мәнге жуық болады деп болжанып отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript