Демалыс күндеріне арналған ауа-райы болжамы
Zakon.kz
Сулы қар жауып, көктайғақ болады, тұман және күшті жел соғады.
Қазақстанға Атлантикадан үлкен ылғал қорымен ауа массалары жылжыйды, сондықтан демалыс күндері республиканың басым облыстарында кей жерлерде сулы қар, көктайғақ, тұман және күшті соқпалы жел күтіледі, - деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Алайда батыстық тропосфералық ағындар біртіндеп оңтүстік-батысқа ауысатын болады және Қазақстанға Ираннан жылы ауа массалары түсе бастайды. Сондықтан жауын-шашындарға қарамастан, республиканың батыс бөлігінде ауа температурасы 4-8 ºС және шығысында 2..5ºС нормадан жоғары болып сақталады.
Фото: mygazeta.com
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript